Олар әлеуметтік желі арқылы көлік қожайындарынан ақша бопсалаған
Қарағандыда шетелдік көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлаған екі адам қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қолға түскен кезде олардан 9 көлік нөмірі табылды. 18 және 20 жастағы екі жігіт ұрлыққа таңғы сағат 05:00 шамасында шығып жүрген. Нөмірді алған соң әлеуметтік желі арқылы көлік қожайындарынан ақша бопсалаған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Тінту барысында олардан 9 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі табылды. Қазір ұсталғандар тағылған айыппен толық келісіп отыр. Тағы осыған ұқсас 30-ға жуық қылмыс жасағандарын да мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда», - деді облыстық ПД басшысы Ерлан Файзуллин.