Оралда 10 жастағы баланы көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ауруханаға түсті

Фото: ашық дереккөзден

Оралда автокөлік қағып кеткен 10 жасар бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 жастағы жүргізуші Volkswagen Vento автокөлігімен келе жатып, жаяу жүргінші жолағында 10 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп жазылған ақпаратта.

Бала миы шайқалды деген күдікпен облыстық балалар ауруханасында жатыр.