Күдіктілер қамауға алынды
Алматы облысында соңғы екі айда Талдықорған, Сарқан және Көксуда 15-ке жуық тұрғын үйді тонаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«Тәртіп сақшылары қылмыстық топтың 5 мүшесін тапа-тал түсте, көше бойында ұстады. Олар мінген көлікті тінту кезінде айғақ зат ретінде тұрмыстық техника мен өзге де бағалы заттар табылған», - деп жазылған ақпаратта.
Күдіктілер 22 мен 29 жас аралығында. Оларға қатысты ұйымдасып топ құрды, әрі қылмыс жасады деген баптармен іс қозғалды.