Шымкентте автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатынан 13 адам зардап шеккен, бір адам көз жұмған

egov.kz

16 қыркүйек күні таңғы сағат сегіздер шамасында Шымкент қаласындағы Астана даңғылы мен Бәйтереков көшесінің қиылысында жеңіл көлік пен қаладағы №40 бағыттағы автобус соқтығысқан. Оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы жетіп, шұғыл түрде медициналық көмек көрсеткен.

«Жол көлік оқиғасы салдарынан 13 адам зардап шеккен. Олардың үшеуі – балалар, тоғызы – ересектер. Зардап шеккендердің барлығы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, жол апатынан ауыр жарақат алған бір адам оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы.