Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Қызылорда облысында мыс өнімдерін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 желтоқсанда полицияға Байқоңыр ғарыш аймағының алаңынан 30 келіге жуық мыс өнімдерінің ұрланғаны жөнінде арыз түсті.
Дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кіріскен полицейлер Байқоңыр қаласының екі тұрғынын ұстады.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Полицейлер күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.