Алматыда құрылысшылар жарты жыл бойы жалақы ала алмай жүр

Автор: Azattyq Rýhy

Құрылысшылар сотқа арызданбақ

Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешенін салған жұмысшылар жарты жылдан бері жалақысыз жүр. Құрылысшылар енді сотқа арызданбақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

70-тен астам жұмысшы жалақы алмаған. Олардың кейбіріне компания 3 млн теңгеден қарыз екен. Араларында көпбалалы аналар да бар. Амалы таусылған жұмысшылар енді ақпарат құралдарынан араша сұрап отыр. Кәсіпорын басшысының айтуынша, жалданған мекемелер құжаттарды дұрыс рәсімдемеген көрінеді.

«Жалақы қағаз реттелген соң төленеді. Қаражаты беруге біз дайынбыз. Құжатты бізге алып келсе, құжатты жабамыз. Ақшаны аударып береміз», - дейді серіктестіктің бас директоры Берік Жұмабаев. Ал тапсырыс берушінің сөзін мердігерлер теріске шығарып, құжаттар уақытында тапсырлыпғанын айтты.