Өртке балауыз шам себеп болуы мүмкін
Шымкентте қамыстан салынған қосқабатты үйден өрт шықты. Отқа оранған пәтерден ер адамның мәйіті табылды. Бірінші қабаттан шыққан жалын, екінші қабаттағы пәтерді де шарпыған. Күлге айналған аумақтың жалпы көлемі 35 шаршы метр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«Өрт сөндіру кезінде қайтыс болған адамда зорлық белгілері бар екені байқалды. Сондықтан қазіргі таңда полиция қызметкерлері сот сараптамасын тағайындап, қылмыс құрамы бар-жоғын анықтайды», - деді Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.