Оралдық өгей әке 13 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция департаменті осы жағдайға қатысты пікір білдірді

көрнекі фото: facebook.com/NeMolchiKZ/

4 желтоқсанда «Не молчи» парақшасында Оралда өгей әкенің 13 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінгені жайлы хабар тарады.

«Әйелі мен балаларын ұрып-соққан, ал қызын 1,5 жыл бойы зорлап келген. Бір күні әйелін өлгенше ұрып-соққан, тіпті ол есін жоғалтқан. Қызы анасы қайтыс болды деп ойлап, өгей әкесінен қатты қорқатынын айтқан. Іс Орал қаласының полиция басқармасына түсті», - делінген жазбада.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Қыздың анасы ер адамның оны бірнеше рет ұрғанын айтты, бірақ одан кейін полицияға жүгінбеген. Өйткені ол қорыққан. БҚО Полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимов азаптаудың әрбір жағдайы бойынша арыз жазуға кеңес беріп, соның негізінде тергеу жүргізілетінін атап өтті.

Полиция өз тарапынан жәбірленушілерге қолданыстағы заңнама аясында барлық қажет көмекті көрсетеді», - деді полиция өкілі.