Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Ақтауда 20 қарашада болған жаппай төбелеске қатысқан жеті адам ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Лада басылымы төбелестің видеосын жариялаған болатын
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.