ШҚО-да патронаттық отбасындағы бала өліміне қатысты қылмыс ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жеткіншекті патронат-отбасының туысы өлтіргені анықталды

 

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы патронаттық отбасында тәрбиеленіп жатқан Бесқарағай ауданының кәмелетке толмаған тұрғынын өлтіру бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған қылмыс белгісіз жағдайда жасалғандықтан, ұзақ уақыт бойы ашылмаған күйде қалған.

«Осы қылмысты жасауға патронат отбасының 27 жастағы туысының қатысы бар екені анықталды»,-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Істің соңғы нүктесі алқабилер қатысатын сот отырысында қойылатын болады.