Павлодарда іздеу салынған екі қыз табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Юлия Попова тоғызыншы сыныпта оқиды, ал Анастасия Семина - қала колледждерінің бірінің бірінші курс студенті

фото: pavlodarnews.kz

Жасөспірімдердің жоғалып кеткені туралы хабарлама Полицияның кезекші бөліміне 1 желтоқсан күні сағат 22:57-де түсті. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 15 және 16 жастағы қыздар таңертең сағат 08:00-де мекемеден өз еркімен кеткенін хабарлаған.

«Қыздар табылды, барлығы жақсы. Олар Всеволод Иванов көшесінде Юлия Попованың тәтесінде болған. Тәтесін сағынып қалған екен. Қазір карантинге байланысты шектеу қойылғаны белгілі. Олар қайтуды жоспарлаған, бірақ қонақта отырып қалған», - деп хабарлады «Павлодар Vita іздеушілері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Юлия Попова тоғызыншы сыныпта оқиды, ал Анастасия Семина - қала колледждерінің бірінің бірінші курс студенті.

Естеріңізге сала кетейік, 15 жастағы Анастасия Семина мен 16 жастағы Юлия Попованы іздестірумен полиция, еріктілер және отбасы үлгісіндегі балалар ауылының қызметкерлері айналысқан.

Олар жақын маңдағы аулалар мен үйлерді, вокзалдардың ауданын, жастар көп жиналатын орындарды аралап, қыздардың  араласатын ортасын сұрастырды.