Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Ақтаудағы 28 шағынаудандағы тұрғын үйлердің біріндегі жеделсаты ішінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
29 қараша күні кешкі сағат 19:09 шамасында полиция басқармасының кезекші бөліміне 28-ші шағынаудандағы үйлердің біріндегі лифтіде ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Шақырту түскен мекенжайға полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу жетті. Аталмыш дерек Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 001-бабы (жеке тұлғаның өлімі) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.