Олардың 12-сі - бала
Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Жамбыл облысы Жуалы ауданында республикалық маңызы бар «Алматы-Термез-Ташкент» автожолында департаменке қарасты 5 қызметкер мен екі техника қар құрсауында қалған 21 автокөліктің ішінен 51 адамды құтқарған. Оның ішінде 12-сі - бала», - деп жазылған хабарламада.
Одан бөлек, 3 адам басқа жерге эвакуацияланды. Автожолдың тазартылған учаскесіне 21 жеңіл автокөлік сүйреп шығарылды.