Тұрғын үй подъезіндегі лифт шахтасында қоқыс өртенген
Өскемен қаласында өрт шыққан тоғызқабатты тұрғын үйден 60-тан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тихая көшесінде орналасқан тоғызқабатты тұрғын үй подъезіндегі лифт шахтасында қоқыс өртенген. Көк түтін 5 пен 9 қабаттар арасын тұмшалап алды. Оқиға орнына жылдам жеткен құтқарушылар 62 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Зардап шеккендер жоқ», - деп жазылған хабарламада.
Жалын шарпыған аумақ 2 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.