Сарыағаш ауданының тұрғыны ұлының үйден өрістегі сиырларын көріп келемін деп шығып кетіп, содан қайта оралмағынын айтып шағымданған
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, ұлының үйден өрістегі сиырларын көріп келемін деп шығып кетіп, содан қайта оралмағынын айтып шағымданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Отырар.кз сайтына сілтеме жасай отырып.
Аталған хабарлама бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторлары Заманбек Көшбаев пен полиция капитаны Серік Дархановтар тез арада жасөспірім баланы табуға кіріседі. Оның баруы мүмкін жерлерін тексеріп, достарынан, туыстарынан, көрген-білгендерден сұрастырады. Нәтижесінде, полицейлер жасөспірімнің жүрген жерін анықтап, 25 шақырым қашықтықтағы туысының үйіне барған. Әрі баланы сол үйден тауып, оны анасына дін-аман күйінде табыстады.
Өз кезегінде баласымен қауышқан ана аудандық полицейлерге алғысын білдірді.
Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға балаларыңызды бақылаусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.