Хиджаб киетін кикбоксшы қыз жекпе-жектен соң көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Саутгемптондағы ММА әуесқойлар турниріне қатысқан Саида нокдаунға түсіп, басынан ауыр жарақат алған еді

© tag24.de

26 жастағы танымал кикбоксшы Саида Алетаха жекпе-жектен соң басынан алған жарақаты салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Daily Star.  

16 қараша күні спортшы Саутгемптондағы ММА әуесқойлар турниріне қатысады. Алайда, нокдаунға түсіп қалған Саиданың бұл жолғы жекпе-жегі қайғылы аяқталды. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген бойжеткен келесі күні тілге келместен көз жұмды.

Турнир ұйымдастырушылары спортшының туған-туыстарына көңіл айта отырып, жарыстың  қауіпсіз өтуі үшін барын салғандарын мәлімдеді. Алайда, Хэмпшир графтығының полициясы осы қайғылы оқиға бойынша іс қозғалғанын хабарлады.