Өрт кезінде вагонда 2 адам болған
Батыс Қазақстан облысында вагон өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Бәйтерек ауданы Чесноков ауылы маңында ауыл шаруашылығымен айналысатын ЖШС-ның тұрғын үй вагоны жанған. Өрт сөндірілгеннен кейін оқиға орнынан 52 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Вагонда екі ер адам болған. Түтін исінен оянған 34 жастағы жүргізуші сыртқа шығып үлгерген», - деп жазылған хабарламада.
ҚР ҚК 204-бабына (бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.