Алматы облысында 90 жастағы қарияны өлтірген қаскөй ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыскер зейнеткерді 16 келілік кір тасымен ұрып өлтірген екен

Алматы облысында полицейлер 90 жастағы қарияны өлтірген қаскөйді ұстады. Ол зейнеткерді 16 келілік кір тасымен ұрып өлтірген, деп хабарлайды sputniknews.kz.өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 қараша күні Ескелді ауданының полиция бөліміне Бақтыбай ауылының тұрғыны хабарласқан. Әйел туысының жоғалып кеткенін айтыпты. Үйде қан іздері болған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер зейнеткердің денесін бақшада үйілген қидың астынан тауып алған. Қылмысты 63 жастағы ер адам жасаған. Ол да зейнеткердің туысы екен.

Полицияның ақпаратына сәйкес, ішімдік ішіп отырған кезде олардың арасында жанжал шыққан. Ер адам туысын 16 келілік кір тасымен өлтірген.

«Қазір күдікті полицияға жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 99-бабына («адам өлтіру») сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті полицияға жеткізілді.