Павлодар облысында елік атқан екеу қашып үлгерді

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың Аққулы ауданының тұрғындары екені анықталды

фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысында елік атқан браконьерлер ұсталды. Олар Аққулы ауданында қолға түсті. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтың айтуынша, бүгін түнде орманшылар Аққулы ауданының полиция қызметкерлерімен бірге үш браконьерді ұстаған. Тәртіп бұзушылар Жамбыл ауылдық округінің маңында  қолға түсті. Олардан «Орал» мотоциклі, мылтық және атылған еліктің ұшасы табылды.

«Екі браконьер қашып үлгерді, қазір олардың жеке тұлғалары анықталуда, олардың бәрі Аққулы ауданы ауылдарының тұрғындары екені анықталды», - деп атап өтті Аждар Жүсіпов.

Аң аулау құралдары мен заңсыз олжалар алынды, тексеру жүргізілуде.