Қазақстанда 1800-ден аса педофил жазасын өтеп жатыр
Осыдан 13 жыл бұрын педофилияға қатысы анықталған, бірақ елден қашып, сыртқы келбетін түбегейлі өзгерткен қазақстандық азамат Калининградта (Ресей – ред.) ұсталды. Бұл туралы ria.ru хабарлайды.
Қылмыскердің ұсталғаны туралы ақпаратты РФ Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк мәлімдеген.
«Он жылдан астам уақыт бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. 2007 жылы ол кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған», - деді Ирина Волк.
Ресей ІІМ ресми өкілінің айтуынша, қылмыс жасағаннан кейін жас жігіт сыртқы келбетін өзгертіп, содан бері тіркеусіз жүріп, басқа адамның атымен өмір сүрген.
Еске сала кетейік, 18 қарашада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмысы үшін 1800-ден аса азамат жазасын өтеп жатқанын айтты. Олардың 1300-ге жуығы қатаң режимдегі мекемеге жабылған.