$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2020, 00:59
Оқиғалар

Оралдық кәсіпкер тұрғын үй құрылысына бөлінген 143 млн теңгені жымқырған

Күдіктінің «Нұрлы Жер» бағдарламасының қаржысын қалай қалтаға басқаны қазірше белгісіз

 

Оралдық кәсіпкер тұрғын үй құрылысына бөлінген 143 млн теңгені жымқырған
Фото: zhaikpress.kz

Оралда «Нұрлы Жер» бағдарламасының тұрғын үй құрылысына бөлінген 143 миллион теңгеден астам қаржысы ұрланған. Қомақты қаражатты жымқырды деген күдікпен жергілікті кәсіпкер қамалды. Бұл туралы облыстық Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.

«Күдікті осы уақытқа дейін екі жыл бойы бюджетке салық төлемей келген. Берешегі 1,5 миллиард теңгеге жуықтаған кәсіпорын басшысының қомақты мемлекет қаржысын қалай қалтаға басқаны әзірше белгісіз. Бір анығы, ол мемлекеттік сатып алуға қатысқан», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабы бойынша іс қозғалды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 2 мың айлық есептiк көрсеткiш көлемінде айыппұл төлейді немесе үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. О

«Облыстағы кәсіпорындардың бірінің директоры қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны күдікті ретінде ұсталды. Қазіргі таңда ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес Орал қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда», - деді БҚО Экономикалық тергеу департаментінің бас маманы Айнагүл МҰТАШЕВА.

Серіктес жаңалықтары