$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2020, 23:34
Оқиғалар

Алматы облысында карантин талабын бұзудың 1000-нан астам дерегі анықталды

Карантин шектеулеріне қарамастан, облыс тұрғындары отбасылық іс-шаралар өткізуді жалғастыруда

Алматы облысында карантин талабын бұзудың 1000-нан астам дерегі анықталды

Алматы облысының полицейлері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзу фактілерін анықтауда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантин шектеулеріне қарамастан, облыс тұрғындары отбасылық іс-шаралар өткізуді жалғастыруда.

Сондай-ақ тексерулер сауда орындарында және түрлі салондарда санитайзерлер мен басқа да гигиеналық заттардың жоқ екенін көрсетті. Бұдан басқа бетперде тағу тәртібін бұзу деректері де жиі кездеседі. 

«Карантин енгізілгеннен бастап құрамында жергілікті полиция қызметкерлері бар мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде. Тек бір аптада карантин шектеулерін бұзудың 83 фактісі анықталды. Олардың басым бөлігі сауда үйлерінде, сұлулық салондарында және ойын клубтарында санитарлық заттардың жоқтығы болып табылады. Құқық бұзушылар қатарында бетперде киюді елемейтін азаматтар да бар. Жалпы, карантин басталғалы бері 1 003 құқықбұзушылық анықталды, олардың барлығы бойынша тиісті хаттамалар толтырылды», – деді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығы Бағдат Әшімов.

Облыс аумағында карантин шектеулерінің сақталуын бақылау бойынша арнайы мобильді топтар жұмыс істейді. Тек облыс орталығында демалыс күндері енгізілген локдаунға немқұрайлы қарап, іс-шара өткізудің үш дерегі тіркелді. Ойын-сауық мекемелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ келушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда.

«Тұтастай алғанда облыс бойынша құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері кіретін 35 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар карантин нормаларының сақталуын қадағалау бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізуде», – деді Бағдат Әшімов.

Серіктес жаңалықтары