ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 54 қазақстандық қайтыс болды

Нұрымбетов жемқорлықтан бөлек, алаяқтық жасады деп айыпталып отыр

Тимуржан Нұрымбетов 9 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда

Фото: time.kz

Тараз қалалық 2-ші сотында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің (Біржан Нұрымбетов - ред.) ағасы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты іс қаралуда. Жамбыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экс-басшысымен бірге тағы бірнеше адам сот алдында жауап бермек. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Тимуржан Нұрымбетовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес аса ірі көлемде пара алу, ірі мөлшерде бірнеше рет пара алу, пара алуға әрекеттену, қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа мүлікті заңдастыру фактілері бойынша іс қозғалып, сотқа берілген болатын.

Сот отырыстарының бірінде судья Дауылбаев Нұрымбетовке қатысты бұл қылмыстық істерді біріктіру туралы шешім қабылдады. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық), 361, 4-бөлімі, 3-тармағы (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша жүргізілді.

Сот алдында жауап беріп жатқан тұлғалар – Жамбыл облыстық әкімдігінің мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бұрынғы басшысы Нұрзипа Романова (алаяқтық жасады, пара алуда делдалдық қызмет атқарды деген күдікпен), «Asyl-Tirek» мүгедектер қоғамдық ұйымының жетекшісі және облыстық әкімдіктің мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің ардагерлер мен мүгедектер бөлімінің басшысы Ғалымжан Сармсақов (алаяқтық жасады, пара алуда делдалдық қызмет атқарды, пара бермек болды деген күдікпен), «Қамқор күш» мүгедектер қоғамының төрағасы Қанат Мұстафа (пара берді деп айыпталуда).

Еске сала кетейік, 14 сәуірде Тимуржан Нұрымбетов 9 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені жайында БАҚ-та хабарланған еді. Бұрынғы басқарма басшысы 2019 жылдың 26 желтоқсанында жемқорлыққа қарсы қызмет ведовствосының күдігіне ілінгені айтылған болатын.

11 мамырда Бас прокуратура Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты Нұрымбетовке қатысты бұлтарпау шарасы ретінде үй қамауына алу туралы өтінішті қанағаттандырылғанын хабарлады.

Тимуржан Нұрымбетов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың туған бауыры.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО