Ол жақсы көретін қызының назарын өзіне аударғысы келген
Нұр-Сұлтанда полиция өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап.
«102» арнасына жылу жолының аркасында ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аркада отырған ер адам төменге түсуден үзілді-кесілді бас тартқан. Жарты сағатқа созылған құтқару операциясы барысында ер адамның осылайша жақсы көретін қызының назарын өзіне аударғысы келгені анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері жігіттің туыстарымен телефонмен хабарласып, олар арқылы төменге түсуге көндіргісі келген, бірақ нәтижесіз болып шықты. Кейін оған жылу жолының құбыры арқылы жақындаған. Инспектор онымен құтқару батутына бірге құлаған.