Елордада 7 жасар қыз әкесінің анасын ұрып-соққанын полицияға хабарлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшылары жанжал шыққан үйден аңшылық қару тәркіледі

көрнекі фото: weproject.media

Нұр-Сұлтанда 7 жасар қыз әкесінің анасын ұрып-соққаны туралы «102» пультіне хабарлаған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Шақыртуға сәйкес оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барып, тексеру барысында 43 жастағы отағасының алкогольдік ішімдік ішіп, отбасылық жанжал тудырып, әйелін ұра бастағаны анықтаған.

Сондай-ақ жанжал шыққан үйден аңшылық қару табылып, оны тәртіп сақшылары тәркілеген. Аталған факт бойынша ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-ші бабы бойынша іс қозғалып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.