ШҚО-да банктен несие алып шыққан тұрғынды тонаған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғынның 65 мың теңгесі ұрланды

Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да банктен несие алып шыққан тұрғынды тонаған күдікті ұсталды. Бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Зейнет жасындағы қала тұрғыны екінші деңгейлі банк бөлімшесіне барып, несие алған. Мұны байқап тұрған 33 жастағы азамат банктен шыға сала, зейнеткердің соңына түскен. Күдікті үйдің қоршауынан секіріп түсіп, аулаға заңсыз кірген. Осыдан кейін зейнеткерге зорлық-зомбылық көрсетіп, 65 000 теңгесін ұрлап, қылмыс жасалған жерден бой тасалаған», - деп жазылған ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жалғасып жатыр.