Казино және ойын аппараттарын арнайы белгіленген аймақта ғана орнатуға рұқсат берілген
Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері күшіне енген сот үкімі шеңберінде 21 «Бинго» ойын аппаратын, 2 купол үстелін, 2 электронды купол үстелін, 8 жүйелік блок, 9 микросызба және 3 сары-жасыл ойын терминалын жойды. Аталған ойын терминалдары Шымкент қаласының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәркіленген.
«Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес казино және ойын аппараттарын арнайы белгіленген аймақта ғана орнатуға рұқсат берілген. Басқа орындарда казино және ойын залдарын ашуға шектеу қойылған.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру және үй-жайды ойын залына жалға бергені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.