БҚО-да көлігімен каналға түсіп кеткен жүргізуші көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

33 жастағы жүргізуші автокөлігінің рөліне ие бола алмай, каналға түсіп кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында жүргізуші автокөлігімен каналға түсіп кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 31 қазан күні Ақжайық ауданында болған.

«Сағат 17.00 шамасында 33 жастағы жүргізуші «Фольксваген Гольф-2» автокөлігінің рөліне ие бола алмай, Бударин каналына түсіп кеткен», - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жүргізуші сол күйі автокөліктен шыға алмай, көз жұмған.

Марқұмның денесі судан шығарылып, сот-медициналық сараптама жасау үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жіберілді.