Ыстықкөл облысы аумағында 3,5 балдық жер сілкінісі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Құрбан болғандар жоқ

Фото: kabar.kg

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы аумағында 2 қараша күні шамамен сағат 00:05 кезінде 3,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы kabar.kg хабарлайды.

Елдің Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының хабарлауынша, 2,5 балдық дүмпу Жеті-Оғыз ауданының Саруу, Қызыл-Суу, Жалғыз-Орук, Дархан ауылдарында сезілді. Алдын ала мәлімет бойынша, құрбан болғандар мен қираған нысандар жоқ.