Өртті сөндіруге 67 адам қатысты
31 қазанда Алматыдағы «Жiбек жолы» базaрында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндipушiлер оқиға орнына келгенде, базардың автобөлшектер сататын 8 контейнерiнiң жоғары бөлiктерi жанып жатқан. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуы 30 минутта тоқтатылды», - деп жазылған хабарламада.
80 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндіруге жеке құрамнан 67 адам және 16 техника жұмылдырылды.