Шығын көлемі белгісіз
Екібастұзда инкассатор көлігі өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер келгенше көліктің моторы мен салоны тұтастай жанып кетті. Оқиға орнына күзетшілер екінші қызметтік көлікті шақыртып, соған ақшаны дереу тиеп үлгерді. Арнаулы көлік «Халық банкке» тиесілі. Бірақ олар бұған қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Шығын көлемі белгісіз.
«Өрт орнына бір жедел жәрдем және 6 қызметкер жіберілді. Жарақат алғандар жоқ», - деді Павлодар облыстық ТЖД басқарма бастығы Асқарбек Омаров.