Оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Елордада «Нива» көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖК-ге сілтеме жасап.
«15 қарашада сағат 17.10 кезінде Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне «Нива» көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртеніп жатқанын анықтаған», - деді комитет.
Уақтылы қолға алынған шаралардың арқасында бар-жоғы екі минуттың ішінде өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 1 арнайы техника жұмылдырылды.