Бағанаға соғылған көлік жарылып кеткен
Ақтауда Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Лада» ақпарат порталына сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысы полиция департаментінің айтуынша, Toyota Camry жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, бағанаға соғылған. Салдарынан көлік жарылған. Жол апатынан жүргізуші қаза тапты,», - деді.