Алматы облысында цехта болған жарылыстан бір адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бір жұмысшы ауруханаға жеткізілді

Фото: баспасөз қызметінен

Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандық жарылып, шатыр құлаған. Оқиға орнында өрт болған жоқ. Апатты жағдайдан 1983 жылы туған бір жұмысшы үйіндінің астында қалып, қайтыс болды», - деп жазылған хабарламада.

1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, апатты жағдайға өндіріс технологиясының бұзылуы себеп болған.