Банк қызметкері 87 млн теңгені ұрлады деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір күдіктіні қамауға алуға санкция берілді

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында банк қызметкері 87 млн теңгені қолды қылып, шекара асып кеткен деп хабарлайды, Azattyq Rýhy тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, ірі көлемде ақша ұрлау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 4 бабының 189 тармағына сай іс қозғалған. Оқиға екінші деңгейлі банктің Жітіқара филиалында тіркелген.

«Банктің бұрынғы қызмткері өзіне сеніп тапсырылған 87 млн теңгеден астам қаржыны жымқырып, ізін суытқан. Тергеу амалдары барысында оның 12 қараша күні Ресей шекарасын кесіп өткені анықталды. Қазір күдіктіні қамауға алуға санкция берілді. Оны ұстау амалдары қарастырылуда», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында