Екінші адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген
Павлодарда көшеде жеңіл көлік екі адамды қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды, ал ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
«27 қазан күні Павлодар қаласының Катаев және Гагарин көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. «Тойота Камри» көлігінің 51 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі адамды қаққан», - деп жазылған хабарламада.
Жүргізуші сау, ішімдік ішпеген. Көлік апатының себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.