Оның құжаты да болмаған
Елордалық полицейлер көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдаған мас әйелді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлері Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде «PEUGEOT 206» маркалы көлік жүргізуші әйелдің мас екенін анықтады. Сонымен қатар жүргізушінің құжаттары мен жүргізуші куәлігі де болмаған», - деп жазылған хабарламада.
Әйелдің 2019 жылдың маусым айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Ол 2 айға қамауға алынуы мүмкін.