Алматыда бес жасар баланы көлік қағып кетті – видео

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізуші баланың қарсы бетке өту үшін жүгіріп шыққанын байқамай қалған

Фото: ашық дереккөзден

Алматының Түрксіб ауданындағы Постышев көшесінде орналасқан дүкен алдында бес жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнебақылау камерасынан кішкентай екі баласы бар әйелдің жол жиегінде тұрғанын көруге болады. Балалардың бірі кенеттен жолдың қарсы бетіне өту үшін жүгіріп шыққанда, оны көлік қағып кетеді.

Жол апаты салдарынан бала ауыр жарақатпен балалар травмотологиясы ауруханасына түсті. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.