Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді
Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 25 қазан күні Самара-Шымкент жолында болды. «ВАЗ-2105» көлігі «Mercedes Bens Aktros» жүк көлігімен соқтығысты. «ВАЗ-2105» көлігінде қыстырылып қалған 35 жастағы жүргізуші мен жолаушы шығарылды. Жүргізуші алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.
Жолаушы ауруханаға жетуізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.