Полиция күдіктіні ұстады
Түркістан облысының полицейлері мешіттерден ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Түлкібас АПБ полицейлерімен бірге мешіттерден ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Күдікті Түркістан облысы, Шымкент, Алматы және Тараз қалаларында орналасқан мешіттерден 40-тан астам ұрлыққа қатысы бар Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты», - деп жазылған ақпаратта.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.