Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын есірткі шегіп, көлік жүргізген

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өмір бойы көлікті басқару құқығынан айырылған

Фото: ашық дереккөзден

Оралда өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын есірткі шегіп, көлік жүргізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

«13 қазанда Шолохов және Тюленин көшелерінің қиылысында ВАЗ-2110 автокөлігі тоқтатылған. Көлікті 33 жастағы ер адам басқарған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның марихуана есірткісін шеккені анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Осы жылдың 15 маусымында ер адам өмір бойы көлікті басқару құқығынан айырылған. Егер сотта ер адамның кінәсі дәлелденсе, оған 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынуы немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.