Қатты желден өрт өршіп, 70 га аумаққа жайылған
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы орман алқабында қураған шөп өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«17 қазанда өрт тұтанып, қатты жел оттың өршіп, үлкен аумаққа жайылуына себеп болған. Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 107 қызметкер және 16 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» АҚ бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт 70 гектар аумақты шарпыды», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, «Қазавиаорманкүзеті» мемлекеттік мекемесінің тікұшағы арқылы өрт болған аумаққа әуеден бақылау жүргізіп жатыр.