Павлодар облысында жылқылардың кесірінен екі бірдей жол апаты болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол маңында болған бақташыға қатысты әкімшілік іс қозғалды
 

Павлодар облысында жылқылардың кесірінен екі бірдей жол апаты болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қазан күні сағат 02:30 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түскен.

Екі машинаға да айтарлықтай шығын келген.

«Nissan Primera автокөлігінің жолда келе жатқан жылқыны қағып кеткені анықталды. 15 минуттан кейін дәл сол жерде жүк көлігі тағы үш жылқыны қағып кетті», - деді департамент өкілдері.

Жақын жерде жылқыларды қарап жүрген бақташыға қатысты ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Барлық меншік иелеріне қатысты ҚР ӘҚБК-ның 505 және 408-баптары бойынша айыппұл салумен әкімшілік өндіріс қозғалды.