Көпір ауыр жүк көліктері өткенде қозғалады
Куәгерлер Azattyq Rýhy редакциясына Ақмола облысында апатты жағдайда тұрған көпірдің видеосын жолдады. Олардың айтуынша, Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса ауылының тұсындағы А-1 автомобиль жолындағы көпірдің темірбетон конструкциялары ажыраған. Куәгерлер жолдаған видеодан ауыр жүк көліктері өткенде көпірдің «тербетіліп» тұрған сәті анық байқауға болады.
Анықтама үшін: А1 – 452 шақырымды құрайтын автомобиль жолы, E125 еуропалық маршрутының бөлігі. Автожол Көкшетау мен Петропавл қалаларының арасын жалғайды. Автожолдың Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск аралығындағы 217 шақырымды құрайтын учаскесі – ақылы.
Azattyq Rýhy көпірдегі ақауға байланысты мәселенің мән-жайын білу үшін «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне хабарласты. Компанияның жауабын оқырманға міндетті түрде жеткіземіз.