Қызылорда тұрғыны туыстарын жұмысқа орналастыру үшін 13 млн теңге берген

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті оның туыстарын мұнай компаниясына жұмысқа ораналастыратынын айтқан

Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында ірі көлемдегі алаяқтықтың екі фактісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бірінші жағдайда облыстың 35 жастағы тұрғыны қала тұрғынынан туыстарын Атыраудағы мұнай компаниясына жұмысқа орналастыру үшін 13 млн теңге алған. Екінші жағдайда қала тұрғыны алаяққа 7 млн теңге берген. Күдікті оның баласын «Қазақмысқа» жұмысқа орналастыратынын айтқан», - деп жазылған ақпаратта.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы анықталады.