Қарағанды облысында тұрғын үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнынан 60 адам эвакуацияланды

Фото: баспасөз қызметінен

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 5 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Өрт сөндіру барысында пәтер иесінің денесі табылды. Өрт сөндірушілер 35 адамды құтқарды, 60 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 қазан күні сағат 23:11-де Шахтинск қаласында «Маркс көшесі, 44Г» мекенжайындағы 5 қабатты тұрғын үйде 4-қабаттағы бір бөлмелі пәтерде жалын 10 шаршы метр жерді шарпып, үй заттары, жиһаз және тұрмыстық техника жанып кетті», - деп жазылған хабарламада.

Тұрғын үйдің кіреберіс пәтерлерінен 35 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды.