Күдікті Ресей азаматшасы болып шықты
Полицейлер астаналық отбасын тонап кеткен Ресей азаматшасынан ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полицейлер 36 жастағы Ресей азаматшасын ұстады. Ол Нұр-Сұлтандағы бір отбасында бала күтуші болып жұмыс істеген. Олардың үйде жоғын пайдаланып, жалпы құны 400 мың теңге болатын жеке заттарын қолды қылған», - деп жазылған хабарламада.
Күдікті әйел ұрланған заттарды сатып, Алматыға кетіп қалған және сол жерде ол үй күтушісі болып жұмысқа тұрған.