Оралдық әйел супермаркеттен жарты миллион теңгенің азық-түлігін ұрлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Әйел материалдық жағдайы ауыр болғандықтан, ұрлыққа баруға мәжбүр болғанын айтты

 

Фото: fnp.de

Орал тұрғыны супермаркеттен жарты миллион теңгенің азық-түлігін ұрлап алып шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  AstanaTV сайтына сілтеме жасап.

Әйел адам тауарларды бр ай бойына аз-аздан ұрлап әкетіп отырған. Дүкен иесі тауарларының ақшасын шығара алмай, көңіліне күдік кірген соң, сауда нысанына тексеріс жүргізеді.

«Дүкен иесінің арызымен келген полицейлер бақылау камераларын тексерген. Кейін белгілі болғандай, азық-түлікті супермаркет сатушысы ұрлап жүрген екен. Ол көп қарсыласып жатпастан, бар кінәсін мойнына алды. Әйел материалдық жағдайы ауыр болғандықтан, ұрлыққа баруға мәжбүр болғанын айтты», - делінген хабарламада. 

1970 жылы туған әйел дүкеннен 500 мың теңгенің азық-түлігін ұрлап келген.

Қазір аталмыш дерекке қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.