ШҚО-да темекі бұйымдарын заңсыз сатқан кәсіпкерлер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде

ШҚО-да темекі бұйымдарын заңсыз сатқан кәсіпкерлер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен Семей қаласында жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында акциздік жапсырмасыз және оларды сатып алу фактісін растайтын ілеспе құжаттарсыз темекі бұйымдары анықталды.

«Қойманы тексеру барысында жалпы сомасы 64,9 млн теңге болатын «Zumerret», «Marble», «Captain Black blue», «Captain Black», «Omega» и «Max 7» маркаларындағы 295 қорап темекі бұйымы табылды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214 бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді», - делінген ҚР Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.