Қазіргі уақытта коронавирустан 3 мыңнан аса науқас емделіп жатыр
Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 инфекциясы мен пневмониядан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Өткен тәулікте 3 адам коронавирустан, ал 2 адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды.
Соңғы тәулікте 59 адамнан COVID-19 вирусы расталды, ал 37 қазақстандық пневмонияға шалдықты. Жалпы, 13 наурыздан бері республикада 108 236 адам коронавирус жұқтырса, оның 1746-сы көз жұмды.
Ал 1 тамыздан бері 33 608 адам пневмониямен ауырса, 360 науқас қайтыс болған.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 213 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 73 бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда. Дәрігерлердің айтуынша, 89 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 12 адамның хәлі нашар деп бағаланып отыр. 19 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.